Тоқтар Төлешовке Челахты өмір бақи түрмеге жапқан судья үкім кеспек

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 21:33

“Cыра королі” сот алдында жауап беріп жатыр. Бүгін Астанада 9 айдан бері тергеу абақтысында отырған Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты процесс басталды деп хабарлайды КТК.

877d4e7e17d5945a2a208b816ea

Фото: kapital.kz

Қылмыстық істің материалдарында мемлекеттік құпия мәліметтер көп болғандықтан отырыс жабық өтуде. Жалпы, процесс барысында 104 куәгер тыңдалады және 17 жәбірленуші бар. Ал істі атышулы Челахқа үкім кескен, талай генералды түрмеге жіберген судья Ербол Ахметжанов қарауда.

Тоқтар Төлешов арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оған 16 айып тағылуда. Шымкенттік олигарх экстремистік топ, қарақшылық, қылмыстық ұйым құрған, адамды заңсыз ұрлап, кісі өлтірген, билікті күштеп басып алуды жоспарлаған. Бұл іс бойынша жалпы 25 адам жауап беріп жатыр. Төлешов ұйымдастырған қылмыстық топтың құрамында әскери бөлім командирлері, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің басшысы мен орынбасары, тіпті талай жыл Бас прокурордың орынбасары қызметін атқанған Ілияс Бақтыбаев та болған.

Ресейдің ұлтшылдарымен тығыз байланыста болған бұл сыбайластар елімізде төңкеріс ұйымдастырмақ болған деп айыпталуда. Осы тағылған 16 айыптың біреуі дәлелденсе де, Тоқтар Төлешовтың ұзақ уақыт бостандық көрмейтіні анық.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    вор в законе деген осы ғой,қашан азаяды екен осындай адамдар ?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар