Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да боран кезінде жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің өлі денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихан ауданында жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

20 жастағы жігітті полиция, ТЖ қызметкерлері, әкімдіктегілер мен ауыл тұрғындары бір тәулік бойы іздеген.

Аудандық ІІБ бастығы Марат Әлжановтың айтуынша, құрамына еріктілер қосылған іздеу тобы жақын маңдағы ауылдардың барлығын тексеріп, Ақмола облысының ІІД хабар беріп отырды..

«Жоғалып кеткен Береке ауылының 20 жастағы тұрғыны өз аулынан 10 шақырым жерден табылды. Мәйітте дене жарақаты жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», – деді СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Береке ауылының мұғалімі үйінен мектепке шығып, із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды. Бейсенбі күні сол ауданда қатты жел тұрып, боран соққан еді.

Тағы оқыңыз:

Боранда көшеден табылған Астана тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанда 940 мың адам ресми жалақы алмай жүр

Алматы облысында “маньяк” туралы қауесет таратқан әйел жауапқа тартылуда

Семейде байқаусызда кілттеніп қалған пәтердегі нәресте құтқарылды

Талқылау