Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге екі балабақша салып берді

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Қайрат Молдасейітов екі балабақша салып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

559

Қайрат Молдасейітов елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 280 млн теңге бөлді. «Достық» және «Әйгерім» деп аталатын жаңа балбақша осы қаражатқа салынды.

«60 және 50 орындық екі балабақша бүгіннен бастап ел игілігі үшін пайдалануға тапсырылады. Оның бірі  «Әйгерім»  балабақшасы – психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған. Екіншісі «Достық»  балабақшасы – тірек-қимыл функциялары бұзылған балаларға арнап салынды. Осы бір тағдырдың салғанына еріксіз мойынсынған жас жеткіншектеріміз үшін қол ұшын созып, көмек берген  Қайрат Құсейінұлына алғысымыз шексіз. Осындай қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлердің еңбектері өзгелерге үлгі боларлық шынайы патриотизмнің көріністері деп білемін», – деді Жансейіт Түймебаев.

Айта кетейік, жақында Қайрат Молдасейітов Шымкент қаласының миллионыншы тұрғынына екі бөлмелі баспаныны өз қолымен табыстаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау