Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны экстремизмді насихаттап, інісін Сириядағы соғысқа жібермекші болғаны үшін сотталды

Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск ауданының 23 жастағы азаматы экстремизімді насихаттап, өзінің кіші інісін Сияряға барып соғысуға насихаттағаны үшін жауапқа тартылды деп хабарлайды STAN.KZ  басылымы YK-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

сот мусулман

Басылымның хабарлауы бойынша 23 жастағы Галина Иванова (аты жөні өзгертілген) Андрей есімді інісімен ата-анасыз өскен. Олар жасайынан әжесінің тәрбиесінде болыпты. Галина  орта мектепті бітіргеннен кейін әлеуметтік көмек ретінде бірілген мемлекет қаржысына университетте оқыған. Алайда сабағы дұрыс болмай оқудан қуылып кеткен.  Осыдан кейін  оқуына төленген мемлекет ақшасын қайтармағаны үшін жауапқа да тартылған.

Галина соңғы бірнеше жылдың ішінде ірі көлемде наша тасмалдағаны үшін қамауда отырған Евгений Кузьмин есімді сыныптасымен тығыз байланыста болған. Екеуінің сөзі жарасып абақтыдағы азаматпен  заңды түрде үйленеді. Осыдан кейін Галина мұсылман дініне бет бұра бастайды. Оның күйеуі де түрмеде намазға жығылған.

Сотта Галина оны ешкім мұсылман дініне насихаттай отырып кіргізбегенін айтады. Тек ғаламтор арқылы сабақ алып, мешіттерде емес,үйінде өзі  намаз оқыған. Сондай-ақ Ислам Мемлекетінің жауынгерлері айтатын уағыздарды тыңдағанын да жасырмаған.

Галина өзінің 20 жастағы Андрей есімді  інісіне өзі ұстанатын дінді үйрете бастаған. Ғаламтордан жанкештілердің соғыстағы әрекеттерін көрсеткен. Күн санап інісіне дін үшін соғысқа баруды насихаттап отырған.

Сот кезінде Андрейдің жолдастары оның бұрында шылым шегіп, спирттік ішімдіктерді қолданғанын. Кейіннен спортқа бет бұрып, ислам содырларының қатарына қосылғысы келетінін айтқанын растап отыр. Андрей өзінің өліп кетуі мүмкін екенін айтып, қорқатынын да жасырмаған. Бірақ соғыс алаңына барса өзіне үй беріліп,жағдайы қазіргіден жақсаратынына сеніпті.

Галина мен Андрейдің тәрбиесіне жауапты болған әжесі де сотта куә болды. Ол немерелерінің арасындағы осындай әңгімелердің барын растаған. Сонымен қоса Галина Айгүл есімді құрбысымен бір бөлмені жауып алып тек дін жайлы сөйлесетіндерін де жасырмаған.

Сот Галинаға қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс жүргізді. Терроризімді насихаттау, Өзгелерді экстремистік топтқа кіруге азғыру, Террорлық шабуылдауға шығуды  насихаттады деп айыпталды.

Андрей істе тек куә ретінде жауап берген. Оның атына қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Сот Галинаға алты жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Жалпы режимдегі колонияға мүлкін тәркілеу арқылы жабылсын деген шешім шығарған. Тыйым салынған заттарды ұстағаны үшін 100 айлықтық есептік көрсеткіште айыппұл салынған.

Талқылау