Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде жоғалып кеткен қазақ студенті 20 күннен бері табылар емес

Бүгін әлеуметтік желіні Ресейде оқитын қазақ студентінің жоғалып кеткені туралы хабар кезіп кетті.

858585

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

21 жастағы Ақтілек Мадияров Омбы қаласындағы мемлекеттік техникалық университетінде бағдарламашы мамандығы бойынша оқып жатыр екен.

2-курста оқитын Ақтілекті соңғы рет 31 қазан күні жатақхана кезекшісі көріп қалыпты. Сол күні жігіт достарымен бірге кинотеатрға барғаннан кейін жатақханаға келген. Алайда 23.30-да қайта шығып кеткеннен кейін оралмаған.

Ал түнгі уақытта студентті емін-еркін шығарып жіберген кезекші, оны дүкенге бара жатыр деп ойлапты.

“Омбы қаласындағы Қазақстанның елшісіне және жергілікті құқық қорғау органдарына өтініш жаздым. Полицияның мәліметінше, 31-қазаннан кейін Ақтілек шекарадан өтпеген”, – дейді анасы Әлия Мадиярова.

Қазір Ақтілекті іздеуге еріктілер де өз көмектерін ұсынуда. Павлодарға соңғы рет 27 қазанда табан тіреген ол, 8 қараша күні анасының туған күніне келуге де уәде беріпті.

Ақтілектің бойы 2 метр, арықша келген, қара шашты. Үстіне қара түсті күртеше мен джинсы киген. Аяғында ақ спорттық үлгідегі аяқ киім болыпты.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда 2017 жылдан бастап оқушылар көлік жүргізуді үйренеді

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

Талқылау