Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер мас әйелдің жоғалтып алған 7 айлық баласын тапты

Шымкентте мас ананың жоғалтып алған жеті айлық нәрестесін Қаратау ауданының учаскелік инспекторы белгісіз орыннан тапты.

Бұл туралы “Отырар” жазады.

Полицей сәбиді Қайнар Бұлақ саяжай мекеніндегі үйлердің бірінен тауып алыпты. Баланың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал ішкіш анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Әзірге нәресте анасына берілген жоқ. Бірақ, полицейлер әйелдің әрекетіне қатысты арнайы құжаттарды дайындап жатыр.

Еске салсақ, 5 қазан күні 1985 жылы туған әйел 7 айлық сәбиін жоғалтып алғанын айтып полицияға хабарласқан еді. Әйел баланы жоғалтқан кезде алкогольді мас күйде болған.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның әр түкпірінен келген адамдар Есет батырдың басына барып тілек тілеп жүр (фото)

Миллионер Қайрат Құдайберген: Елдің жағдайын көзбен көру үшін аптасына бір рет автобуспен жүрем

Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Талқылау