Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Дүйсенбі, 23 Қараша , 2015 18:33

Павлодар ауданына қарасты Заңғар ауылының маңындағы тас жолда екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

skoraya_pomosh-izhevsk-photo

Бұл туралы «Апаттық медицина орталығы» мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовский хабарлады.

«Орталықтың құтқарушылар бригадасы 14.53-те оқиға орнына келді. Көліктердің ішінде болған үш азамат тілге келместен қайтыс болды. Ажал құшқандардың қатарында 65 жастағы ер азамат, 59 және 56 жастағы әйелдер болды. Мамандар апатта зардап шеккен үш адамға медициналық көмек көрсетті. Олардың қатарындағы екі ер азамат ауыр халде Павлодар қалалық №1 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», – дейді Морозовский.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар