Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде балгер зейнеткерден 300 мың теңге ұрлап кеткен

Өскеменде балгер 88 жастағы зейнеткерден 300 мың теңге ұрлап кеткен.

20

Зейнеткер ол ақшаны 16 жыл жинаған, деп хабарлайды YK-news.kz.

88 жастағы зейнеткерге бейтаныс балгер тіл-көзді лау үшін келгенде ақша жоғалған. Қазір күдіктіні полицейлер іздестіріп жатыр.

Оқиға 3 желтоқсан күні Защита ауданында болған. Зейнеткердің үйіне бейтаныс әйел есік қаққан.

-Ол телефонмен хабарласып алуды сұрады.  Үйге кіргеннен кейін «Денсаулығыңыз жақсы емес екен. Мен сізді емдеп жіберейін. Ол әдісті әжем үйреткен еді» деді. Содан мен де келістім, – дейді зейнеткер.

Айтуынша, балгер оны креслоға отырғызып, алдына жұмыртқа оралған орамалды қойып, әп-сәтте жұдырығымен ұрып жіберіп жаоып жіберген.

«Орамалдың ішін ашып еді, тор-тор болып бірдеңе жатты. Және ар жағындағы қап-қара бір нәрседен шыңылдаған дыбысы шығып жатты. Сол кезде маған «Сізде тіл-көз бар. Мен оны алып бере аламын», – деді. Одан екеуміз  дұға оқып, тағы бір ритуалдар жасадық», – деді зейнеткер.

Оның айтуынша, балгер жұмысын біріген соң ақы сұрап оның орнына үйдегі тұрған фарфорлық мүсінді сұраған. Қария оны бере салған. Артынан балгер зейнеткерден үйде ақша бар-жоғын сұраған екен. «Сол ақшаны маған берші, оларды оқып берейін, әйтпесе көмегі болмайды», – деген. Содан мен ақша салынған қобдишамды бердім.  Оның ішінде 300 мың теңге жинап отырғанмын. Балгер қорапты орамалға орады да үстінен қолын жүргізіп, дұға оқығандай болды. «Орамалды 9 күннен кейін бірақ аш» деді де поездға қалып бара жатқанын айтып, тез жиналып, шығып кетті. Мен ақшамды тексеріп көрмекші болып, қорапты ашып едім. Ішінде 10 мың  теңге ғана жатыр, қалған 290 мыңын алып кеткен екен», – дейді қарт.

Қарт әйел бірден полицияны шақырып, саусақ іздерін алдыртқан. Бұл жағдайды қаланың Ішкі Істер басқарамасының баспасөз қызметі растады. Олардың айтуынша, әжей әйелдегі ешқандай ерекшеліктерді сипаттап бермегендіктен қылмыскерді табу қиын. Алайда 188 бап ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалған екен.

Зейнеткер ол ақшаны күйеуі қайтыс болғаннан кейін өзінің қазасына жинап отырған екен. Әжей ол ақшаны 16 жыл бойы жинаған.

Талқылау