ОҚО-бала ұрлап елді дүрліктірген әжейге қатысты сот шешімі шықты

Дүйсенбі, 15 Тамыз , 2016 16:58

Оңтүстік Қазақстан облысында ірі қылмысқа нүкте қойылды. Бірнеше мәрте кәмілетке толмаған балаларды ұрлағаны үшін Балжан Орақпаеваға қатысты сот үкімі шықты.

Балжан-Оракбаева-696x448

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Сот Орақпаеваны «Адам ұрлау», «Заңсыз еркінен айыру», «Қауіпті жерде қалдыру» баптары бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Айыпталушы сот отырысында өзін босатуды сұраған. 60 жастағы әжей өзінің әрекетін аналық махаббатпен байланыстырған. Балаларға еш зиян келтірмегенін де айтқан. Қайта қамқорына басқанын айтып ақталған. Алайда, ол бүлдіршіннің өз ата-анасының қалай уайымдағанын елемейтін секілді.

Айыпталушы 2013 жылы күзде мектептен 1-сынып оқушысы Нұрай Өмірәлиді ертіп кетіп, оны бүкіл қала болып іздеген. Кейіннен бүлдіршін қала көшелерінің бірінен табылған. Оқушы жоғалған уақыт аралығында бейтаныс әжейдің үйінде болғанын айтқан. Алайда, полицейлер оны іздеп таба алмап еді.

Екінші рет те осындай жағдай қайталанып, 2016 жылдың 20 ақпанында 6 жасар Мұхаммед Қамшыбекті ОҚО-ның Ордабасы ауданындағы мектептен бейтаныс әжей ертіп кеткен. Бала үш күннен соң, 60 жастағы әжейдің үйінен табылды. Кейіннен әжей баланың ұнап қалғанын, сосын оны өзімен алып кетуге бел байлағанын айтқан болатын.

Психологиялық зерттеу нәтижесінде, Балжан Орақпаеваның дені сау екені анықталған.

Айта кетейік, 20 ақпан күні Мұхамедтің жоғалып кеткенін, кейіннен баланың табылғанын хабарлаған едік.

Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған әжейдің күйеуі оның дуалаушы екенін айтқан. Мұхаммед Қамшыбек өзін ұрлағандардың оған қалай қарағанын жайлы айтып берген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Нәрестесін қоқыс жәшігінде қалдырып кеткен студентке қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте 4 адамды қаққан 20 жастағы Астана тұрғынына іздеу жарияланды

ОҚО-да 27 жастағы сатушы әйел жоғалып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    басы жасамайма екен журттын баласын калай алып кетеди

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар