Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс радикалы ислам дінін қабылдады

Германияның «Билд» басылымы осы елдің ультра радикалды партиясы атынан Дрезден қаласы әкімдігінің мүшесі Вернер Клаунның хақ жолға түскенін хабарлады.

A-man-reads-the-Quran-at-004

Сурет: photo-day.ru 

Ол исламды қабылдап қана қоймай, босқындарға көмек көрсетіп, радикалды бағыттан бас тартқанын іспен дәлелдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Айта кетейік, Дрезден – исламға қарсы «Багида» деп аталатын еуропалық қозғалыстың іргетасы қаланған қала. Ол тілін кәлимаға келтіргеннен кейін есімін Ибрагим деп өзгерткен. Оның исламды қабылдауына немістің ұлы ақыны Иоганн Вольфганг Гётенің шығармашылығы себеп болыпты.

Сондай-ақ, ол неміс тіліне аударылған қасиетті Құран кітабын оқып жүр. Ол исламды қабылдай салысымен мұқтаж жандарға қолұшын созып, Сириядан және Ливиядан келген төрт босқынды үйіне паналатып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал неміс журналисі айт кезінде ислам дінін қабылдады

Орыс жігіт Рамазан айында ислам дінін қабылдады

Неміс футболшысы ислам дінін қабылдады

Жерар Депардье ислам дінін қабылдады

Мұхаммед Әли не себепті мұсылман болды

Талқылау