Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады. Мұнымен қатар, аталған мерекенің еліміз үшін қандай маңызы бар екенін айтып өтті.

1433524267l5oqt

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Құрметті отандастар! Айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барлық құрлықтарды мекен еткен көптеген адамдардың өміріндегі ерекше мәні бар мейрам. Биыл православтар мен католиктердің оны бір мезетте атап өтуі мейрамның мәні мен маңызын арттыра түсуде. Біздің елімізде барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды.

Бұл бірегей дәстүр біздің қоғамымыздың татулық, достық және келісім құндылықтарымен бекітілген бірлігін айшықтай түседі. Бүгінгі таңда барлық конфессиялардың бір-бірін сыйлауға және ашық пікірлесуге негізделген жемісті ынтымақтастығы – Қазақстанның ерекше мақтанышы.   Ежелгі Пасха мейрамы – жаңғырудың, ізгі үміт пен жағымды істер жасауға талпыныстың нышаны. Осының барлығы жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып жатқан еліміздің қазіргі даму кезеңімен үндесіп жатыр. Жарқын мерекеде барлық қазақстандықтарға денсаулық, отбасыларына амандық, барлық бастамаларына табыс тілеймін!” – дейді Назарбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжектен байланысын үзген отбасылы жігіттен жүкті болып қалған

Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Талқылау