Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгияда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Брюссельдегі отандастарымыз елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 24.kz

Мәліметтерге сүйенсек, шара Qazaq Society қазақстандық студенттер қауымдастығының бастамасымен және Бельгиядағы елшілігіміздің қолдауымен жүзеге асып жатыр. 

Қайырылымдылық жәрмеңкесіне еліміздегі танымал суретшілердің туындылары, зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар қойылды. Сонымен қатар келген қауымға ұлттық тағамдарымыз ұсынылыпты. Жәрмеңкеден түскен қаражат, көмек қорларының шоттарына жібереледі.

Айта кетейік, Бельгиядағы студенттеріміз мұндай қайырымдылық іс-шараны осымен екінші рет өткізіп отыр.

Суретші мамандығы бойынша біліп алып жатқан қазақстандық студент Мадина Базархан елден жырақта жүрсе де, тасқыннан зардап шеккендер туралы алаңдайтынын жеткізді.

"Өз елімізден жырақта жүрсек те, ел басына қиын-қыстау күн түскен кезеңде,, қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысып жатырмыз. Біз де уайымдаймыз. Тасқыннан зардап шеккен әр отбасыға сабыр тілеймін. Қандай жағдай болмасын, әркез қол ұшын созуға дайынбыз", – деді Мадина Базархан.



Ал Ku Leuven университетінің студенті Әлім-Сері Махамбетәли жәрмеңкенің қандай мақсатта ұйымдастырылып жатқанын айтты.

"Бүгінгі жәрменкеміздің басты мақсаты – Батыс Қазақстанда болып жатқан су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созу. Бүгін өзіміздің ұлттық тағамдарымызды және киімдерімізді және басқа да заттарамызды сатып, кішкене болса да ақша жинап, сол зардап шеккендерге жіберейін  деп жатырмыз", – деді отандасымыз Әлім-Сері Махамбетәли.

Еске салайық, 21 сәуірде Францияда су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек жиналып жатқаны туралы жаздық.  Француз белсендісі климаттың өзгеруі проблемасы төңірегінде адамдарды осылай біріктіруді көздеп отыр. Оның қаражат жинау бастамасын Париж аймағындағы басқа қоғамдық ұйымдар да қолдады.

Талқылау