Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек жинап жатыр

Францияда су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек жиналып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

франция көмек

Сюжеттен скриншот

Бұл бастаманы алдағы апталарда елімізде халықаралық экологиялық жобаны ұйымдастыратын экологиялық белсенді бастады.

Эстель Пейян Сахара шөлінде екі жыл бойы қоршаған ортаны қорғау шараларын өткізіп келген. Енді мамыр айында Қазақстанда БҰҰ-ның экожүйені қалпына келтіру онжылдығы аясындағы шара өтеді.

Француз белсендісі климаттың өзгеруі проблемасы төңірегінде адамдарды осылай біріктіруді көздеп отыр. Оның қаражат жинау бастамасын Париж аймағындағы басқа қоғамдық ұйымдар да қолдады.



“Біздің бірлестіктің мақсаты – француз-қазақ ынтымақтастығы, достық дегеніміз де осы. Мамыр айында Қазақстанда спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырғандықтан, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастыруымыз заңды”, –дейді "XCSS – Cross Country Skiing Sand" қауымдастығының президенті Эстель Пейян.

Бұған дейін Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басып қалғаны хабарланған. Оның алдында Жайық өзенінің деңгейі апатты межеден асып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

ТЖМ бұған дейін Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзеніндегі тасқынның екінші толқыны ерекше бақылауда деп мәлімдеген.

Талқылау