Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Хабардар болмадық": Esquire басылымы қыз зорлағаны үшін сотталған фотографына қатысты мәлімдеме жасады

Esquire басылымы қыз зорлағаны үшін сотталған Азамат Кенжеғұловпен бірнеше жыл қызметтес болғанын растады. Алайда олар фотографқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанынан хабарсыз болып шыққанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Азамат Кенжеғұловтың жеке парақшасы

Танымал фотограф  Алматыда қыз зорлағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол бес жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды.

Резонансты іс бойынша сот процесінің аяқталуы аясында Esquire мәлімдеме жасады. Басылым Азамат Кенжеғұловтың олармен тек жобалар бойынша жұмыс істегенін атап өтеді.

"Редакция Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық істің қозғалғанын және тергеудің барысы туралы білмегендіктен, қатты таң қалды. Esquire Kazakhstan кез келген жағдайда зорлық-зомбылықты қолдамайтынына назар аударуларыңызды сұраймыз. Біздің басылымның ұстанымы – заңды және қазақстандықтардың құқығын сақтай отырып, әділетсіздіктің кез келген түрін барынша ашық көрсету", - деліген хабарламада.

Elle Kazakhstan басылымы да жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Кенжеғұловпен соңғы рет 2023 жылдың көктемінде жұмыс істедік. Редакция наурыздың 8-нен 9-на қараған түні болған қылмыстан хабарсыз болды. Жәбірленушіге сабырлық тілеп, қолдау білдіреміз”, – делінген постта. 

Азамат Кенжеғұлов – еліміздегі танымал фотографтардың бірі. Ол жетекші сән журналдарымен жұмыс істеп, жұлдыздарды суретке түсіретін.

Еске салсақ, Азамат Кенжеғұлов 22 жастағы қызға коктейль ұсынып, оның ессіз болғанын пайдаланып, үйіне әкелген. Ол Элинаны зорлағаны үшін 5 жылға сотталғаны хабарланды.

Талқылау