Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде елтаңбаны өзгерту мәселелері бойынша сарапшылар тобы құрылады

Қазақстанда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесі бойынша сарапшылар пулы құрылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Премьер-министр Олжас Бектенов елтаңбаны өзгерту бойынша сарапшылар тобы құрылмақ екенін мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі таңда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесін талқылау үшін депутаттар мен қоғам қайраткерлері, тарих, филология, археология, антропология және әлеуметтану саласының ғалымдары арасынан сарапшылар тобы жасақталып жатыр”, – деп мәлімдеді Бектенов мәжіліс депутаттарына.

Барлық аспектілерді объективті қарастыру үшін мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан комиссия құру жоспарланып жатыр.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда елтаңбаны өзгерту мәселесін қарауды ұсынған еді.

Талқылау