Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев халықтың ақшасына қол сұққан шенеуніктерді сынға алды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтың ақшасына жаудай тиіп, жұмсап жіберетін шенеуніктерді сынның астына алды.

1425640740_5a456ec9e7f9dd88b7686c4737ca8d24

«Біздің қызметкерлер кейде мемлекеттің ақшасына жаудың ақшасы секілді көзқараспен қарап, қазынадағы қаражатты өзінің мүддесіне емін-еркін жұмсайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс сессиясында.

«Жыл бойы ешқандай жоба жасамайды. Ал сосын келесі жылы бұдан да көп қаржы алып қалу үшін жылдың соңында игерілмеген ақшаны оңды-солды шашуды бастайды. Осылай істеуге бола ма?! Бұл біздің мемлекетіміз, бұл біздің халықтың ақшасы, азаматтардың төлейтін салығы!», – дейді президент.

Сондай-ақ, Назарбаев облыс әкімдері өздерін князь секілді сезінбей, өзара бір-бірімен байланыс орнату керектігін де айтты.

«Облыс әкімі болдың  деген – сен князь атандың деген сөз бе? Жан-жағыңа қарамайсың ба? Саған өз-өзіңді солай ұстауға кім рұқсат берді?», – деп ашуланды Назарбаев.

Президент Ақтөбе облысының Оңтүстік Қазақстан облысынан көкөніс алып жатқанын, Маңғыстау облысына Қостанайдан астық жеткізіліп жатқанын мысалға келтірді.

«Егер елімізде аймақтар бойынша қауымдастық жолға қойылатын болса – орталық-оңтүстік-батыс-шығыс болып, онда облыстар бір-бірін қамтамасыз ете алады және бір-біріне тасымалдау жеңілдейді. Шығатын жол бар. Бірігіп жұмыс істеңдер», – деді мемлекет басшысы облыс әкімдеріне қаратып.

Өткізбеңіз:

Назарбаев қаласа бір доллардың құнын бір теңгеге теңестіре алатынын айтты

Назарбаев базарға барып бағалардың түскеніне көз жеткізген

Талқылау