Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мисс Қазақстан”-ға қалыңдықтың жасауы беріледі

“Мисс Қазақстан” байқауының финалына 2 жұма қалды. Биыл ұлттық байқау Астана қаласындағы бейбітшілік және келісім сарайында өтеді, деп хабарлайды Караван.

мисс

Жеңіпаз 5 миллион теңге және көрпе-жастығы, сандығы және т.б. заттары бар қалыңдықтың жасауы беріледі.  Қалыңдық жасауын ұлттық шебер Ырза Тұрсынзада жасайды.

Жүргізушілері – Динара Сатжан және актер Тәуекел Мүслім болады. Режиссер – Максим Акбаров. “Қатысушыларға еліміздің астанасына арналып, экзклюзивті костюмдер топтамасы шығарылды. Ол көйлекте Астананың әдемілігін көрсететін монументтер мен ғимараттардың өрнектері салынған. Оларды отандық дизайнерлер дайындады. Және байқаудың бір нөмірі Қазақстан халық ассамблеясына арналады” дейді Режиссер Максим Акбаров.
Кеш қонақтары  “Rin’Go”,  “The Jigits”  топтары және “Славянский базар-2015” жеңімпазы Димаш Құдайберген,  “Новая волна-2015” байқауының жүлдегері әнші Әдемі болады.

 

Талқылау