Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 56 жастағы әйел ашуға булығып, күйеуіне ауыр пышақ жарақатын салған

Ерлі-зайыптылардың  арасындағы түсініспеушіліктің соңы бір-біріне пышақ сермеуге алып барған. Отағасы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.

1452418000-197

Бұл туралы Лада басылымы хабарлайды.

Қайғылы жағдай 10-шы ақпан күні Бейнеу ауданына қарасты Бейнеу ауылында болған. Ер азаматты жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері ішіндегі пышақ жарақаты бойынша дереу ауруханаға жеткізген. Бірден ота жасалынып, қазір денсаулығы жақсы көрінеді.

55 жастағы азаматтың ішін өзінің әйелі, отбасындағы қаржы жетіспеушілігіне байланысты шыққан түсініспестік кезінде, пышақпен осып алған. Ашуға мінген әйел асханадан пышақты алып күйеуінің ішіне қарай сермеген.

Болған жайт бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау