Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәмілеге 50 мың: жоғалып барып табылған Мұхаммедтің әкесі болған жайт жайлы айтты

Жоғалып барып табылған  алты жастағы Мұхаммед Қамшыбектің әкесі  қылмыстық істің  қалай қаралып жатқаны жайлы журналистерге сұхбат берді. Есте болса,  20-шы ақпан күні  Ордабасы ауданына қарасты Амангелді кентінде  Мұхаммед есімді балақайды егде жастағы ана ұрлап кеткен еді. Арада 24 күн өткеннен кейін бала Арыс қаласының тұрғыны 60 жастағы күдіктінің үйінен табылған еді.

сотттт

Бұл туралы TVK арнасы жазды.

Баланың әкесі қазір тергеу амалдарының барлығы заң аясында жүргізіліп жатқанын айтады. Оның сөзінше күдікті Алматы мен Шымкент қалаларындағы психологиялық емдеу орталықтарында  ем алып жүрген көрінеді.

Өткен күні  Мұхаммедтің үйіне өзін ұрлап әкеткен ананың жақындары келегн. Олар өз ара түсіністікке келу үшін жәбірленуші тарапқа 50 мың теңге ұсынған. Баланың ата-анасы олар ұсынған ақшаны алудан бас тартқан. Олар баланы ұрлап әкеткен әйелге кешірім бермейтіндерін айтып отыр.

Қонақтарды шығарып салған үй иелері олардың  дастархан астына ақша қойып кеткенін көрген. Баланың әкесі қайтадан осы іске байланысты прокуратура мен полиция қызметкерлерін үйіне шақыртқан. Бала ұрлаған әйелге қатысты сот алды тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

 

 

Талқылау