Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар: Жер бетіндегі адамдардың 4%-ы аз қозғалудың кесірінен көз жұмады

Аз қозғалу, үнемі бір орында отыру адам өліміне дейін жеткізуі мүмкін. Жер бетіндегі адамдардың 4%-ы аз қозғалудың кесірінен көз жұмады. Ол дегеніңіз – жылына 433 мың адам. Сан-Паулу (Бразилия) университетінің ғалымдары осындай байламға келді.

Studio shot of young woman working in office being under emotional stress

Росбалт басылымы аталмыш зерттеудің 10 жыл көлемінде жүргізілгенін атап өтті. Жер бетіндегі адамдардың шамамен 60%-ы күнін жоқ дегенге төрт сағатын бір орында отырумен өткізеді. Бұл көрсеткіш ақырындап бес сағатқа жақындауда.

Мамандардың сөзінше, бір орында отыру ағзадағы барлық процесстерді баялатады, салдарынан ағзадағы органдардың қызметі нашарлайды. Бір орында отырудан көз жұму жағдайлары көбінесе Америка мен Еуропа мемлекеттерінде тіркелген.

Зерттеушілер, кеңсе қызметкерлеріне ара-тұра тұрып жұмыс істеуге кеңес береді, деп хабарлады Planet Today. Мұндай тәсілді бүгіннің өзінде кейбір копманиялардың қолданатыны белгілі.

Бұған дейін күніне әрі кетсе 10 сағат уақытты отырып өткізуге болады деп есептелген. Ғалымдардың пікірінше, ұзақ уақыт бойы бір орында отыру – жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсерін тигізеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Кәдімгі аспириннің 10 түрлі пайдалы жағы

Ғалымдар: Алма адам өмірін бірнеше жылға ұзартады

Ғалымдар: Ұзақ отыру адам өмірін қысқартады

Қан қысымының төмендеуіне қарсы пайдалы кеңестер

 

 

Талқылау