Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Латвия банкі мысықтың бейнесімен тиын шығарады

Латвия банкі бес евроны мысықтың бейнесімен шығарды. Оны коллекциялық тиын болады.

kolekcijas

Тиын пробасы 925 тұратын күмістен жасалды. Ақша латыш жазушысы  Альберта Кроненбергтің «Бес мысық» шығармасына негізделіп жасалды. Оның дизанін Анита Паэгла  мен балалар кітаптарын әшекейлеуші  Джон Струпулис ойластырған. Тиынның бет жағында Мурис, Нюрис, Инцис, Минцис және Пунцис мысықтары төсекте ұйықтап жатқаны бейнеленген. Тиынның келесі бетінде сол мысықтар табандарымен қасық пен табақ ұстап алған. Ал бер жағында ботқасы мен қасығы бар тәрелкесін ұстап тұрған мысықтың бейнесін үлкейтіп қойған.

кот

Банктің хабарлауынша, бұл тиынның бірінші сериясы. Латыштықтар ғибратты, соңында әділдік жеңіске жететін ертегілерді жақсы көретін халық. Осыдан халықтың даналығы мен адамгершілігі негізделеді. Сонымен қатар, бұл тиынмен заңды түрде төлем жасауға болады.

Тиынның салмағы – 31,47 грамм, диаметрі – 38,61 мм. Оның таралымы 10 мың дана.  Бір тиын 39 евро тұрады.

Талқылау