Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбанының есімі салынған татуировка қылмыстық істің басты айғағы болды

Испан полицейлері өз денесіне татуировка салған күдікті ер адамды құрықтады. Баварияда оның құрбысы көз жұмған соң ер адамға неміс полицейлері іздеу салған болатын.

_92570201_mediaitem92570198

Тергеу жұмыстары барысында құрбан болған әйелідң қашан қаза болғаны белгісіз еді. Күдіктінің денесінде әйелдің туған күні мен қайтыс болған күні 27 қазан 2016 жыл деп және «Бәріне рахмет» деген сөз жазылған.

Күдікті Каталонияның Ллорет де Мар қаласында ұсталды. Ол өзінің 1 жарым жастағы ұлымен жасырынып жүрген.

Әйелдің денесін анасы тауып алған. Ол Чехия мен Фрайбург шекарасындағы көп қабатты пәтерде табылды.

Болжам бойынша, әйелдің енесі өлтірілген соң 3 аптадан соң табылды. Қылмыскер әйелдің телефонын алып кетіп, оның атынан желіге, достары мен полицияға жалған жазбалар жіберіп отырыпты.

Доминик Р. есімді күдікті банкоматан ақша алған соң қолға түсті.

Енді оның денесіндегі жаңа салынған татуировка қылмыстық істің негізгі айғағы болмақ. Қазіргі уақытта күдіктіні Германия билігіне қайтару ісі қарастырылып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қыз кейпіндегі елес адам көретін бойжеткен болашағы үшін алаңдап көмек сұрайды

Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды

Ақтөбелік мұғалімдер жағдайы нашар отбасыларға тегін киім таратып жатыр

Салмағы 500 келі болатын ер адам 6 жылдан соң алғаш рет орнынан тұрды

Талқылау