Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналдуға сыйланған шапанды кім тіккені белгілі болды

Португалия футбол құрамасының футболшысы Криштиану Роналдуға сыйланған қазақ шапанын ақтаулық сән үйі тікті.

Бұл туралы lada.kz жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Нұр-Шах” сән үйінің директоры Нұржамал Нұрпейісова эксклюзивті шапанды аз уақыттың ішінде тігіп үлгерді.

“Оның матасы велюрден тігілген, әдемі өрнектермен әрленген. Тапсырыс беруші шапанды тігудегі арнайы талабын айтты. Ол ұзын етекті классикалық үлгідегі, ағылшын жағасындай, қалталы, міндетті түрде қазақи үлгідегі, ортасында сәулесін шашқан күн, оның астында қыран құстың бейнесі бар шапан тігуді өтінді”, – дейді Нұрпейісова.


Экскюзивті сыйлық құрамына бас киім де кіреді.

Сән үйінің директоры танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге де шапан тігуді армандайтынын айтты.

“Мен Криштиану Роналдуға шапан тігемін деп ойлаған жоқпын. Мен ол футболшыны сыйлаймын, құрметтеймін, оған және командасына жанкүйермін”, – деді сән үйінің директоры.

Бұдан бұрын “Тенгизшевройл” мұнай компаниясының өкілі Роналдуға шапан сыйлап жатқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Олар футболшымен Женевада кездескен. Видеода қазақ шапанының тек құрметті адамдарға сыйланаты айтылған.

Тағы оқыңыз:

Білім министрлігі ағылшын тілінде өтетін ҰБТ-ны түсіндірді

Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Жәбірленушілер полковник Селтановтың “өзіңді соттап жіберем” деп қорқытқанын айтты

Енді жоғары сынып оқушылары 4 пәнді ағылшын тілінде оқиды

Талқылау