Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық оқушылар ойылған жолды топырақпен жамауға кіріскен

Қарағанды облысындағы Абай мен Вольным  тас жолдарындағы ойылған жерлерді жамауға оқушылар кіріскен. Олар жол жиегіндегі топырақтарды күрекпен тасып, ойықтардың ішін толтырып жүр. Бұған дейін тура осы жерге бірнеше көліктің асты тиіп, бұзылғандары да болыпты.

Своими силами или Ремонт дороги между г.Абай и п.Вольным (Видео 📹 от @baur.abay )

Видео опубликовано ekaraganda.kz (@ekaraganda.kz)

Видео  ekaraganda.kz парақшасына жүктелген.

Желі қолданушыларының бірі “Жағдайымыз осыншалыққа жеткен екен, мүмкін салық төлеуді доғарармыз? Ақыры керегін халықтың өзі жасап жатса…” деп жазған.

“Мен күнде осы жолмен жүремін. Ешқандай да лай, батпақ жоқ. Осы жігіттердің арқасында жол түзеліп қалды. Бұған дейін мүлдем жүру мүмкін емес болатын”,-деп жазады Қарағанды облысының тұрғыны.

“Расымен де осы жігіттердің арқасында жол түзелді. Олар өз еріктерімен істеп жүр. олар шұңқырды жамамай тұрып  жолдың ойығына түскен талай көлік бұзылды. Ал жігіттерге сол жолмен жүретін таксишілер көңілдерінен шыққан ақыны өз еріктерімен беруде. Бірі 100, енді бірі 200, кей таксишілер 500 теңге тастап кетеді”,-деп жазған.

Талқылау