Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джастин Бибер мен Селена Гомес қайта табысты

Үш жыл бұрын айырылысып кеткен Джастин Бибер мен Селена Гомес қайта табысты. 25 жастағы Селена экс-жігіті, The Weekend тобының әншісімен айырылысқан соң байырғы махаббатына мүмкіндік берген ұқсайды.

Бұл туралы жұлдызды жұптың жақындары Us Weekly басылымына айтып берген, деп хабарлайды Stan.kz.

“Селена мен Джастин қайта табысты. Жалпы Селенаның оған деген сезімі сөнген емес. Алайда достары Селенаның абай болғанын қалайды. Себебі өздеріңіз білесіздер, Селенаға жуырда ғана күрдерлі ота жасалды”, – деп атап өтті жұлдыздың танысы.

Айта кетейік, жұлдызды жұп 2010 жылы кездесе бастады. Алайда 2013 жылы бір айырылысып, бір табысып, фанаттар армиясын біраз шулатқан еді. Ақырында 2015 жылы Селена мен Джастин ресми түрде екіге кеткендерін хабарлады.

2017 жылдың қаңтарында Селена The Weekend лақап атымен танымал Абель Макконена Тесфайямен көңіл қосты. Бұл ғашықтардың хикаясы ұзаққа бармады. Селена жуырда ғана сүйіктісімен екіге кетіп тынғанын хабарлаған еді. Жарияға жар салғаны сол-ақ еді, жұрт Селенаны бұрынғы сүйіктісі Джастин Бибермен бірге жүргенін байқап қойды. Бибер экс-ғашығын қайтарып алғысы келетінін жасырмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Аша Матай тікелей эфирде отырып жылап, не істерін білмей қалды

Өзін өлтірмек болған Майкл Джексонның қызы енді аруларға үлгі болғысы келетінін айтты

Айдарбекова: Қазақстанда келінім Жұлдыздан асқан сұлу әйел жоқ

Ақбота Сейітмағамбет пен Әли Оқаповтың арасында не бар? (видео)

Талқылау