Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дерматологтар: безеу көп шығатын адамдар ұзақ өмір сүреді

Мінсіз тері — қуануға себеп емес! Лондондағы патшайым колледжінің дерматологтары жүргізген зерттеулер нәтижесі осылай дейді.

1138b451864e16cdab0d2cef6395c4b5

Безеу, әсіресе, жастарға қолайсыздық туғызады. Алайда оның пайдалы жақтары анықталды. Құлаққа бірқызық естілуі мүмкін. Алайда терідегі безеулер – ұзақ өмір мен егде жаста әдемі сырт келбеттің кепілі бола алады. Лондон ғалымдарының зерттеулері Investigative Dermatology журналында жарияланған.

Мамандар 1205 егіз-әйелдердің терілерін зерттеуге алған. Олардың төрттен бір бөлігі безеуге шалдыққан. Безеу көп шығатын әйелдердің хромосомаларының ұшы ұзындау болып шыққан. Адамның жасы ұлғайған сайын олар кішірейе түседі екен. Ал олар неғұрлым төзімді болса, соғұрлым адамның қартаюы тежеледі. Тағы бір қызығы, безеулі адамдарда p53 гені аз мөлшерде анықталған. Ол жасушалардың өлімін реттейтін апоптозды тудырады.

Ғалымдар қартаю процесіне әсер ету үшін оны қаншалықты реттеуге болатынын анықтауға кірісіп кетті.


Безеуден қалай құтылуға болады: толық нұсқаулық

Талқылау