Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өлімінен кейін қазақстандықтар полицияда реформа жасалуын талап етуде

Денис Теннің қайғылы қазасынан кейін еліміздегі құқық қорғау жүйесі көпшіліктің қатаң сынына ілікті. Еліміздегі түрлі қылмыстардың жазасыз қалуы дүйім жұртты ашуландырып отыр. Ал дарынды спортшының ұрылардың қолынан қаза табуы жараның бетін тырнағандай әсер етіп, көпшілік ІІМ жұмысына байланысты өз пікірін ашық айта бастады, деп жазады Stan.kz.

Қалмұханбет Қасым

Денис Теннің қазасынан кейін Facebook желісінде «ҚР ІІМ-де реформа жасалғанын талап етеміз» тобы құрылды. Қазіргі уақытта топқа 5 500-ден аса адам тіркелген.

Топ әкімшісінің сөзінше, спортшының қайғылы өлімі Қазақстандағы құқық қорғау жүйесінің ахуалын көрсеткендей болды.

«Қазақстандық жаңалықтардан қылмыстың жазасыз қалатынын сезетінін аңғаруға болады. Мұны өз қызығушылықтарын қорғап, әділеттілікке қол жеткізіп, қылмыскерлерді табу үшін полицияға жүгінген азаматтардың тәжірибесінен көруге болады. Алайда нәтижесінде полициядағылар олардан «арыз жазбауын» сұрап, істің ашылуы мүмкін еместігін айтып, іс қозғалғаннан кейін байланысқа шықпай, артынша арызды жоғалтып алады. Әр адамның ұрлық, тонау, шабуыл жасалғаннан кейін полицияға шағымданып, еш нәтижеге қол жеткізе алмағаны туралы өз оқиғасы бар», – деп жазды автор.

Өз сөзінде ол саясаткерлердің әрекеттерінің әлсіздігі, азаматтар мен өздерін қорғауға қабілетсіздігіне ендігі төзуге болмайтынын айтты.

Әзірге 9 мыңға жуық жанның басын біріктірген топ ІІМ басшысын ауыстыруды талап етіп отыр. Алайда бір басшыны ауыстырып қою жеткіліксіз, дейді ұйымдастырушылар.

«Біздің талаптарымыздың бірі – ІІМ басшылығының ауысуы. Оған басшылық жұмысының тиімсіздігі себеп. Бізге саны аз болса да, кәсібилігі жоғары полиция қажет. Эстония, Грузия тәрізді елдерде құқық қорғау жүейсінде сәтті реформа жүргізілді. Мұндай процесс қазір Арменияда да жүріп жатыр», – деп жалғайды сөзін автор.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сәтті реформа жасаудың қыр-сырын білетін мамандарды Қазақстанға тарту керек.

«Полицияның жұмысын барынша айқын етейік. Адал емес жұмыс атқарса, оған көз жұма қарамайық. Түрмеде отыруға тиісті қылмыскер көшеде жүрсе, үндемей отырмайық.

«Нашар полицейлердің»заңға қайшы әрекеті ел алдында талқылануы тиіс. Сол сияқты полицияда жетістікке жеткен, игі ісімен көзге түскендерді дәріптейік. Бұл дегеніңіз – жемқорлық белең алған бірде бір іс назардан тыс қалмауы керек.

Қауіпсіз қоғамда өмір сүргісі келетін азаматтарды топқа шақырамыз», – дейді топ әкімшісі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау