Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабай лагерінің дәрігері оқушы өлімі үшін сотталды

Ақмол облысындағы Бурабай шипажайының балаларға арналған сауықтыру орталығының дәрігері 9 жасар қыздың өлімі үшін жауапты деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

7506

Тергеу бойынша, Теміртау қалалық емханасының дәрігері демалыс кезінде Бурабай ауданындағы Қатаркөл ауылында орналасқан “Континент” сауықтыру орталығына жұмысқа орналасады.

Дәрігерге 3 шілде күні 9 жастағы Аружан Әбілдина басы және тамағым ауырды деп қаралады. Қызды келесі күні екінші рет қарағаннан кейін дәрігер оған тамағын шайқауға кеңес береді. 6 шілде күні қыздың жағдайы нашарлап кетіп, дәрігер оны изоляторға орналастырады. 7 шілде күні жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жеткізілген. Сосын 8 шілде күні қиын жағдайда Көкшетауға алып барады. Алайда келесі күні қыз қайтыс болған. Зерттеу жұмыстары екі жылға созылды.

Бурабай аудандық соты 39 жастағы К-ні ҚР ҚК 114 бабы 4 бөлімі бойынша айыпты деп тауып, оны 1 жыл 6 ай уақытқа бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, дәрігерлік қызметтен 3 жылға дейін шектелді. Сонымен қатар ол зардап шегуші тарапқа 310 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Талқылау