Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев: Ресей  Қазақстанмен арамызды жақсартуға көмектесуі керек

 Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев орнынан кетерінде  біраз мәлімдеме жасады,-деп жазды  Sputnik Қырғызстан басылымы.

Ол өз еліндегі президент сайлауы кезінде Қазақстан мен президентіне қаратыла айтқан сөздерін қорытындылаған көрінеді.

Атамбаев Владимир Путиннен  Астана мен Бішкек арасындағы жағдайға араласуды сұрағанын да жасырмады.

«Өздеріңізде білесіздер жақында ғана Владимир путинмен кездестік. Оған ашық түрде айттым: Егер сізге ЕАЭО қажет болса, мұның құлдырауынасыртай  қарап отырмағаныңыз дұрыс»,-деп айттым дейді Атамбаев.

Атамбаев осы одаққа кірген кезде көздеген мақсаттарының жүзеге аспағанын да айтып өтті.

«Мен ЕАЭО елдері қатарына қосылсақ бәрі жақсы болады деп ойладым. Тым жоғары бағалап жіберген сияқтымын. Путинмен кездескен кезде оған мәселеге араласу керектігін айттым»,-дейді Атамбаев.

Оқи отырыңыз:

Аты аңызға айналған түрік зілтеміршісі Найм Сүлейменоғлы қайтыс болды

Амандық Баталов халықаралық турнирде волейбол ойнады (фото)

Дзюдошы Отгонцэцэг Гаагада өтіп жатқан Гран-приде күміс жүлдеге ие болды

 

Талқылау