Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "100 ата-әже" қайырымдылық кеші ұйымдастырылды (видео)

Ерікті жастар тобы қарттар үйін мекен еткен қариялардың басын қосып, дастархан жайды. Үлкендер бір-бірімен әңгімелесіп, шер тарқасып көңіл-күйлері көтерілді. Кеш те эстрада жұлдыздары да әннен шашу шашты.

ымым

Суреттер ZamanAreWE

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

87 жастағы Дәмек Мұқышева үшін ерекше күн. Қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғыны қамзолын киіп, қымбат әшекейін тағып тойға әзірленуде. Жолдасы өмірден өткен соң тағдырдың жазуымен 4 жыл бұрын осында келген.

цвц

Мекеменің ауласы у-шу. Шат-шадыман күйде. Қариялардың барлығын бір күнде іздеп ешкім келген емес. Көбі сүліктей лимузинге алғаш рет мініп көрді. «100 ата-апа» қайырымдылық кеші қамкөңіл қарттарға арнап дастархан жайды. Үлкендер өзара қауқылдасып, марқайды.

ыммы

Шараны ұйымдастырушы – 80 жастағы жиһангез Лена әжей. Бастаманы немерелері қолдапты.

“Бізді тәрбиелеген адамдарды ешқашан ұмытпауымыз керек. Мен өз басым өзімнің өмірімді апамсыз елестете алмаймын”, – дейді Лена “әжейдің немересі Айдын Тоқсынбаева.

Жетпістен асқан Оразхан Еспайқызы Астанадағы кешті естіп, Аягөзден арнайы келді. Кейуана 30 жыл такси жүргізушісі болған.

“Шариғатта былай айтады, бірінші Алла ризалығы үшін, екінші ата-ананың ризашылығы үшін. Осы екеуін орындаған балалар жаман болмайды”, – дейді Оразхан апай.

Елімізде зейнет жасынан асқандар халықтың 10 пайызын құрайды. Еңбектеген баланың – еңкейген қарияға айналары ақиқат. Соңғы кездері үлкендерге тек қарттар күнінде көңіл бөлеміз.Оның өзі мүсіркеу секілді. Ал, өнегелі елдің ұрпағы қазынасын күн сайын құрметтейді.

Дәл осындай шараны Лена Тоқсанбаева әжей Шымкент қаласында да ұйымдастырған болатын.

Талқылау