Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фотограф өлім ауызында жатқан жандардың арманы мен өкінішін білді (фото)

Лос-Анджелестегі музейлердің бірінде ерекше фотокөрме ашылды. Онда, суреттердің авторы Эндрю Джордж қаладағы ауруханалардың біріне бас сұғып, өлім ауызында жатқан адамдарды кадрға тартқан.

37779E3600000578-3751568-image-a-43_1471796945876

Осы фотожобадағы адамдар арасынан тек фотограф Эндю мен Нелли Гутьеррез ғана тірі.

376B84CF00000578-0-image-a-28_1471787033304

Нелли Гутьеррез қиын сәтті бастан өткергенін айтады. Оны сол қиындықтан алып шыққан өз отбасына ораламын деген махаббаты екен.

37779E4D00000578-3751568-image-a-38_1471796783413

“Бастапқыда мен ауыр жағдайлар туралы жоба жасамақ болдым. Мен біздің әрқайсымыз кезігіп қалуымыз мүмкін қиын жағдайға душар болған адамдар туралы жоба жасай аламын ба деп ойладым. Ақырында мен өз мақсатыма жету үшін, өлім ауызында жатқан адамдармен жұмыс істеуім керек деген идея келді”, – дейді Эндрю.

Жоба 20 шақты суреттен тұрады. Онда кейіпкерлердің арманы, бақытты сәттері, өкініштері туралы айтылған. Суреттегі адамдардың барлығын біріктіретін бір нәрсе – өлім қорқынышын сезінбеулерінде. Олар өздерін меңдеген ауруға қарамастан, тағы бір жаңа күнді көремін деген үміттерін үзбеген.

Өзінің ауру ағасы мен әпкесі туралы ойлап жүргенде, Салли де рак ауруына тап болады.

37779E4000000578-3751568-image-a-39_1471796792760

“Бұл тамаша күн. Жапырақтарды жел айдап әкеліп жатыр. Мен осы сәтке куәгер болғаным үшін бақыттымын”, – дейді Ирэн.

376F2C7B00000578-0-image-a-33_1471787047216

“Мені ең өкіндіретін нәрсе өз қызым Сальвадоремен байланыс жасамағаным. Мен оған өз өмірімнің бөлшегі болу құқығын ұсына алмадым”, – дейді Рене.

37779E5100000578-3751568-image-a-40_1471796924222

“Уақыт – өте құнды. Өмір шексіз. Оның қашан аяқталып қалатынын білмейсің. Тәуекелге бару керек!”, – деді Сара.

37779E4800000578-3751568-image-a-41_1471796927659

Ким әркез не сезініп тұрғаныңды адамдарға айтудан қашпау керек. “Олар үшін қатты алаңдағандықтан, менің балаларым мен анам мені ұмытпайды”, – деді ол.

37779E3B00000578-3751568-image-a-42_1471796930834

“Мен өзімді бақытты адам деп санаймын: Менде керемет әйел, балалар, немерелер мен шөберелер бар. Ешкім де бұдан артық сұрамайтын шығар”, – дейді Джо.

37779E3200000578-3751568-image-a-44_1471796960516

Жозефина ешқашан өлімнен қорықпағанын айтады. “Егер сен өлсең – сен өлдің. Болды. Бәрі бұрынғыдай болмайды. Ал реинкарнацияға мен сенбеймін”, – деді ол.

37779E3600000578-3751568-image-a-43_1471796945876

Талқылау