Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада екі жасар қыз өзінің қиындығын құтқару қызметі арқылы шешкен

Шақыру бойынша келген құтқарушылар кішкентай қыздың тапқырлығына таң қалған.  Оңтүстік Королинада тұратын Алия есімді 2 жасар қыз өзі үшін түйткілді болып саналған проблеманың шешімін тапты. Ол шалбарын кие алмағандықтан, құтқару қызметіне хабарласқан.

852

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

Гринвилл қаласының құтұару қызметіне қыз 2 наурыз күні хабарласқан. Тұтқаны көтерген ар жақтан сыбырлай естілген кішкентай баланың дауысынан не айтып тұрғанын аңғара алмай қалады. Ол басында әзіл деп ойласа да, шерифтің көмекшісі Марф Лонсқа хабарласып, қоңыраудың қай үйден түсіп тұрғанын анықтауды тапсырады.

Есікті Алияның атасы ашады. Ол тіпті немересінің өздігінен полицияға қоңырау шала алатындығынан да хабарсыз болыпты. Атасының ізінен шалбарының бір аяғын киер-киместен Алия да жүгіріп шығады. Марф Лонс дереу баспалдаққа отыра қалып, Алияның шалбарының екінші аяғын кигізе бастайды. Полицейдің жұмысы мұнымен де бітпейді. Қыз аяқ киімін де кигізуге көмектесуін өтінген.

“Алғыс ретінде кішкентай қыз мені құшақтап алды. Бұл сол күндегі өте әсерлі әрі керемет сәт болды. Сол кез маған қатты ұнады”, – дейді Лонс.

Оқиға болған кезде қыздың анасы Пиббли Райан жұмыста болыпты. Кейіннен ол қызына 911-төтенше жағдайлар қызметінің нөмірі екенін түсіндірген.

Талқылау