Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып адам: Тәуекелдің Көлсай көліндегі суреті жұртты таңғалдырды

Алматы облысындағы Көлсай көлінде тау көшкіні болып, жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салған еді. Гуілдеген таудың даусынан зәресі қашқан тұрғындар, тіпті үйлерін тастап, қаша жөнелген болатын. Абырой болғанда, көшкін тоқтап, Көлсайға барар жол қайта ашылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

 

Photo: @_alibek.m_ 📸 #Қазақстан #Kazakhstan #KolsaiLake

Публикация от Тәуекел Мүсілім (@mussilim)

Бұл орайда алматылықтар мен шаһар қонақтары демалыс күндерін Көлсай көліне арнауда. Олардың қатарында актер Тәуекел Мүсілім де бар. Телеэкран жұлдызы жақын күндері Көлсай көлінде болып, әдеттегідей фотосессия жасап келген.

Тек бұл жолы Тәуекелдің көл ортасында түскен суреті жұрттың ерекше назарын аударды. Онда Тәуекелдің өзі “алып адамға” ұқсап, ал “картинадағы” бұлттар мен су қозғалып тұр.

Желі қолданушылары фотоға таңданып, оны қандай бағдарлама арқылы өңдегенін сұраған.

“Қандай керемет”, “Сөз жоқ”, “Мұны қалай жасайды? Айтыңыздаршы, өтінемін” – деп қызықты олар.


Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді

Талқылау