Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жігіт цирктегі шоу кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Алматыда “12 арыстан және Египет ханзадасы” цирк шоуы кезінде жас жігі сүйікті қызына ұсыныс білдірді.

20160715222549

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Әрине, күйеуге шығуға жасалған керемет романтикалық шоу кезінде қарсылық та білдіре алмады. Ал жігіт болса ұсынысты тура “Номад” атты-акробатикалық көрініс кезінде жасады. Еске сала кетсек, Қазақ мемлекеттік циркінде Алматының 1000 жылдығына орай арнайы шоу қойылған болатын.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады екен. Бірінші бөлімінде Алматының бірнеше ғасырлық тарихы айтылады. Онда қаланың ежелгі бейнесі, Жібек Жолы бойындағы сәті және қазіргі заманауи мегаполис кезі байланыстырылған.

Бұл цирк шоуы 21 шілдеге дейін жалғасын таабды.

Талқылау