Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпқабатты үй қисайып, тұрғындары эвакуацияланды

Алматы қаласы Алатау ауданында көпқабатты үй бір жағына қарай қисайып, жедел түрде тұрғындарды эвакуациялау жүзеге асырылды.

шлшл

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Төтенше жағдай “Алғабас – 6” ықшам ауданына қарасты №1 үйде болған. Бұл екі подъезді бар, 36 пәтерден тұратын үй. ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша 200-ден астам қауіпсіз жерге көшірілген.

“Топырақтың шөгуі мен үйдің қисаюы бақылануда. Эвакуацияланған адамдар жергілікті биліктің қамтамасыз етуімен қазіргі таңда қонақүйлерде. Үйде газ өшірілді. Сонымен қатар, полиция қоғамдық тәртіпті де өз бақылауына алды. Ертең құрылыс бойынша құрамында мамандары бар арнайы комиссия құрылып, әрі қарай не істеу керектігін шешетін болады”, – деді ҚР ІІМ ТЖК арнайы өкілі Руслан Иманқұлов.

Тұрғындардың айтуынша, үзілліз жауған жаңбырдан су үйдің жертөлесіне толып кетіп, сол жағдай төтенше оқиғаға себеп болуы мүмкін екен. Үй 2013 жылы пайдалануға беріліп, 2015 жылдан бастап ғана тұрғындар қоныстандырылған.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың қыркүйегінде коммуналдық құрылыс аясында 180 отбасы кезекте тұрып, “Алғабас” ықшам ауданынан баспана алған болатын.

Талқылау