Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы әкімдігі AirPods құлаққаптарын сатып алу жөнінде түсініктеме берді

Алматы облысының әкімдігі AirPods құлаққаптарын жарты миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде тиісті лоттар туралы ақпарат пайда болған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

PROTENGE телеграм-каналы Алматы облысында екі жыл қатарынан Apple компаниясының қымбат сымсыз құлаққаптары сатып алынғаны туралы ақпаратты жариялады. Тапсырыс беруші облыстық ішкі саясат басқармасы болғаны айтылады.

"Талдықорғанда екінші жыл қатарынан Apple компаниясының AirPods құлаққаптары бюджеттік ақшаға сатып алынып келеді. Төрт жұпқа жарты миллионнан астам теңге жаратылған. Ақша ішкі саясат бөлімі мен "Рухани Жаңғыру" кеңсесі арқылы жұмсалып келген. Сіздің ойыңызша, жарты миллион теңгеге алынған төрт жұп құлаққап ішкі саясаттың күшеюіне немесе рухани құндылықтардың жандануына қаншалықты әсер етуі мүмкін?", – деп жазады жазба авторлары.   

Алматы облысы әкімдігі берген түсінік бойынша, әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Шын туайтында, шенеуніктер тек бір құлаққапты 97 мың теңгеге сатып алған. Гарнитура республикалық турнирдің жеңімпазына арналып алынған.

"Ағымдағы жылдың шілде айының ортасында "Рухани Жаңғырудың" жобалық офисі Jetisy dron jarysy турнирін ұйымдастырған. Іс-шара ішкі туризмді дамыту және жастардың ақпараттық және цифрлық технологиялар саласындағы сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілген. Аталған турнирде үшінші орын алған қатысушы ұйымдастырушылардан жоғарыда аталған AirPods құлаққабын алған", – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Байқау жеңімпазы спорттық дронды ұтып алса, екінші орын иегеріне смартфон табыс етілгені де атап өтілді. 

Талқылау