Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 44 жастағы шопан кәуапқа қақалып өлді

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Велиховка ауылында 44 жастағы шопан кәуапқа қақалып ажал құшты. Қайғылы оқиға 30 маусым күні кешке таман болған.

Ақтөбе облысында 44 жастағы шопан кәуапқа қақалып өлді

Бұл туралы Аktobetimes.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Желтоқсан айында 45 жасқа толуы керек ер адам өз үйінде жеп отырған кәуабына қақалып ажал құшты. Орта жастағы азаматтың өліміне қатысты жүргізілген сараптама марқұмның кәуапқа қақалып көз жұмғанын растады.

Ауылдастарының айтуынша, марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. Оның әйелі  елдімекендегі аграрлық фирмада аспаз болып жұмыс істейді екен. Үлкен қызы Орынбор облысындағы оқу орнында білім алса, кішісі қазір ауылшаруашылық колледжінде оқиды.  Ауылдастары марқұмды жергілікті тұрғындардың малын баққан шопан ретінде таниды. Астан ажал құшқан ер адамды ауыл тұрғындары болып сейсенбі күні ақтық сапарға шығарып салды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау