Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі құрсақта жатқан егіздердің бір-бірімен төбелескен сәтін көрсетті (видео)

Анасының құрсағынан УКС арқылы түсірілген егіз сәбилердің төбелесі көпшілікті таңғалдырды. 

28 жастағы Тао есімді қытайлық азамат жүкті әйелінің құрсағындағы егіз балалардың видесын жариялады. Кадрдан егіз қыздардың бір-бірін жұдырығымен ұрып жатқаны байқалады. Бұл көрініс балалардың әкесін күлкіге қарық қылды.

Ал, дәрігерлер мұның қауіпті екенін айтады. Әдетте егіздер құрсақта өзіндік амниотилық қабында болады. Бұл бір-бірінен бөліп тұрады. Ал, бұл жолы егіздер бір ғана амниотикалық қапта. Бұл сирек кездеседі. Соққыдан екеуі немесе бірі өлі тууы мүмкін. Ондағы негізгі қауіп - бала тыныс алатын кіндіктің қысылып қалуы. Мұндай жағдайда балалардың тірі қалуы 50 пайыз. 

Не дегенмен егіз қыздар аман-есен өмірге келді. Екеуі де сау. Бірі 1630, бірі 1950 грамм салмақта. 

Әкесі қыздарының тумай жатып жұлдыз болып кетерін білмегенін айтады. Ол УКС арқылы егіздердің бір-бірін құшақтап жатқанын да көрген. 

"Олар бір-біріне мейірімді, бауырмал болады деп сенемін", - дейді әкесі.

 

Талқылау