Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

400 келі тартатын Қостанай тұрғыны көмекке мұқтаж

Қостанай тұрғыны Галина Воробьеваның салмағы 400 келі. 39 жастағы әйелдің туыстары қазақстандықтардан оның операциясын жасату үшін ақшалай көмек сұрайды.

e74fe2d1-0747-4c57-bdd4-4ea3bc0f7306

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Галинаның туыс әпкесі Зарина Назарова оның бала кезінен артық салмақтан зардап шегіп келе жатқанын айтты. Бұған себеп болған – заттардың алмасуы. Жасы өскен сайын салмағы да ауырлап, ауруы күшейе түскен. Оның асқазаны тамақ қабылдамай, әйел ұйқысыздыққа да шалдыққан.

Оны ауруханаға жеткізу үшін құтқарушылар мен арнайы экскаваторды шақыруға тура келген. Оны төртінші қабаттан 12 адам түсіріп алыпты.

“Бұрын 100-200 келі тартса, қазір 400 келіге дейін ауырлаған. Гемоглобин 40-ты көрсетіп тұр, барлық органдары зақымданған. Қазір ауруханада жатқанымен жағдайы еш жақсарған жоқ. Алматыда қажетті операцияны жасайды екен. Тіпті оған мүгедектік анықтама алудың өзі қиын. Ол үшін қаншама есікке бару керек. Ал ол болса жүре алмайды, тек ғана отырады. Жата да алмайды, жатса тұншығып қаламын ба деп қорқады”, – дейді әпкесі.

Қазір Галина Воробьева Қостанай қалалық ауруханасында жатыр. Дәрі тамызғыштың көмегімен оған құрамында темірі бар препараттар құйылып жатыр. Асқазанын кішірейту үшін жасалатын операцияға туыстары отандастардан көмек күтуде. Галинаның анасы шіркеуде жұмыс істейді. Алайда оның табысы қызын емдетуге жеткілікті емес.

Галинаның туыстары көмек жасауға ниет танытушылар мына нөмірлерге хабарласса дейді: 8-777-650-48-77 (Галина), 8-705-988-93-03 (Зарина).

Талқылау