Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зор құрметпен": Димаш Құдайберген президент жолдаған эстафетаны жалғады (видео)

Димаш Құдайберген президенттен эстафета қабылдап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан эстафета қабылдап алғанын жазған. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай бастау алған бұл шарада эстафета қабылдаған адам ақынның бір өлеңін жатқа оқуы керек.

"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой ағамызға және менің тыңдармандарыма жолдаймын", - деп жазды Димаш Құдайберген.

 

Өнер иесі Абай Құнанбайұлының "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" өлеңін жатқа оқып жұртты тамсандырған. Ақынның мерейтойына арналған бұл шараға Димаштың белсенділік танытқаны жұртты риза қылды. Желідегілер өнер иесінің ісін құптап, жарыса пікір жазған.

Талқылау