Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оннан тоғызы ДЦП балалар туады": Белгілі блогер зина туралы сөз қозғаймын деп желіде сынға қалды

аксұлтан блогер

Фото: https://www.instagram.com/aksultankali/

Белгілі блогер, маркетолог Ақсұлтан Қалиевтің зинақорлыққа қатысты ойы сынға ұшырап, желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер Threads желісінде зинақорлықтың себебін анықтаймын деп сырқат балаларды да сөз етті. 

“Зинаны тоқтатпасақ ертең оннан тоғызы ДЦП туады. Содан білім де жоқ, денсаулық та, әскер де жоқ, боқ та жоқ”, – деп жазды блогер. 

Блогер көп ұзамай жазбасын өшіргенімен, желіде скрині таралып, дау одан сайын ушықты. Желі қолданушылары қате ақпарат таратып, халықты адастырып отыр деп айыптады. 

“Менің інім ДЦП мен ауырады. Демек оның логикасы бойынша менің әке-шешем зинақор ма?! Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Онсыз да қоғамда ДЦП балаларға өте ауыр. Оларды қоғам әлі дұрыс қабылдамайды. Мынадай ойлар олардың жағдайын одан да қатты қиындатады”, “Ақсұлтан ойының несі қате екенін бәрібір түсінбеген сияқты. “ДЦП-мен ауыратын бала – ата-анасы жасаған зинаның жазасы” деген пікір емес сорақысы, “ауру бала – әлдебір күнәнің өтеуі, Алладан келген жаза” деген ой. Зина туралы пікірі өзіне, бірақ сырқат балалар туралы ойы – нағыз надандық”, “Ақсұлтан, кешірім сұрайсыз-ау. Сіз талай отбасыны қазір қаралап, өзіңізді батырып жатсыз. Тіптен сіз халыққа дезинформация жеткізіп жатсыз”, – деп ашуланды көпшілік. 



Одан кейін блогердің өзі ойының дұрыс жеткізбегенін айтып ақталды. 

“Бұл саланың ақ пен қарасын, әрбір ата-ананың жағдайын білеміз. Жеке біреудің басына бір ауыр сөз айту ойда жоқ, контекстты бұра бермеңдерші, өтініш. Зина жасаған қауымға Алланың мейірімі түспейді. Зина жайылған елде аурулар мен бұрын болмаған бәлелер пайда болады деген пайымда жазылған ой еді. Қай бір халық ішінде зина ашық жайылса, олардың ішінде бұрынғы өткен адамдарда болмаған жаңа аурулар пайда болады. Зина – жалпы дерт. Салдары барлығына тиетін. Ата-ана жасағанының салдары деген пайым емес, ағайын. “Жер сілкінсе де жалпыға жасалған ескерту” деген сияқты логикадан. Бір адам жол салатын ақшаны жеп қойса барлық көшенің адамдарына зиян деген логикада. Оны бұрып СРОД - ата-аналарын ренжітетіндей бұрмаңыздар! Ол кісілердің Threads-сыз-ақ уайымы көп”, – деп ақталды блогер.  

ақсұлтан блогерФото: https://www.instagram.com/aksultankali/

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 14:26
Талқылау