Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан үйден емделгендер тегін санаторийге бара ала ма: Сақтандыру қорының басшысы түсіндірді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов медициналық көмек көрсету кезеңдеріне кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төкежанов коронавирус пен пневмониядан емделгендерді қалпына келтіру үшін бірқатар шаралар қарастырылғанын айтты. Ол шаралар үш кезеңге жіктеледі.

"Коронавирус пен пневмониямен ауырған науқастар медициналық сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметін ала алады. Жолдама аурухананың немесе емхананың оңалту терапевтінің қатысуымен көпсалалы топтың қорытындысы негізінде беріледі. Коронавирус пен пневмониямен ауырған науқастар тәулік бойы стационар деңгейінде екі кезең бойынша оңалтуға жатады. Кейіннен үшінші кезеңге ауыстырылады. Орташа дәрежедегі, ауыр және өте ауыр дәрежедегі пневмония және коронавируспен ауырған науқастар тәуліктік стационарлар оның ішінде санаторийлерге жатқызылады", - дейді Төкежанов.

Сонымен қатар, Төкежанов коронавирус пен пневмониядан үйде емделгендерге қалай көмек көрсетілетінін айтты.

"Коронавирус пен пневмониядан үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар үшінші кезеңдегі санаторий деңгейіндегі оңалтуға сене алады. Әрине олар көпсалаалы команданың бағасын алуы керек", - дейді ол.

Талқылау