Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"741 мың теңге": Қазақстанда қай сала маманына ең жоғары жалақы ұсынылады

Қаңтарда электронды еңбек биржасында бос вакансиялар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2% қысқарып, ал жұмыс іздеушілер саны 2,5 есе ұлғайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан:

  • Өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығы (741 мың теңгеден бастап);
  • Авиациядағы инженер (~693 мың теңге);
  • Бас құрылысшы (~605 мың теңге) лауазымдарына ұсынды.

Ал жұмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны:

  • Өндіруші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары (орта есеппен 1,1 млн теңге);
  • Ұшқыш (~1,1 млн теңге);
  • Сондай-ақ материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы (~1 млн теңге) лауазымына үміткерлер сұрады.

Осылайша, қаңтар айында ЭЕБ-да бос орындардың азаюы кезінде түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл жыл басында жұмыс берушілер жалдау процесін әлі күшейтпегендіктен болуы мүмкін, ал көптеген жұмыс іздеушілер, керісінше, қаңтардан бастап жаңа жұмыс іздей бастайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды.

Қаңтарда электронды еңбек биржасында бос вакансиялар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2% қысқарып, ал жұмыс іздеушілер саны 2,5 есе ұлғайды

Биыл бос жұмыс орны 98,9 мың, ал жұмыс іздеп жүргендер 191,9 мың болды.

Қаңтарда жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті, 16 мың бос орын көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшыларға сұраныс 45,7 мыңнан 18,8 мың бос орынға дейін қысқарып, екі еседен астам төмендеді.

Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындарында байқалды.

Министрлік мәліметінше, білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.

Талқылау