Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс берушілер мен сақтандырушылар диалог үшін бірігеді

Жұмыс берушілер мен сақтандырушылар диалог үшін бірігеді

4 желтоқсанда Алматыда “BCC Life” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ қолдауымен "PARYZ" жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы ұйымдастырған “Сақтандыру компаниялары мен сақтандырушылар: жазатайым оқиғалардан сақтандырудағы диалог” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қызметкерлерді міндетті сақтандыруды дамыту мәселелерін талқылауға арналған алғашқы алаң болды.

Талқылауға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, “BCC Life” Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның және басқа да сақтандыру компанияларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен қауымдастықтарының басшылары қатысты.

“Бұл жұмыс берушілер мен сақтандырушылар қызметкерлерді міндетті сақтандырудың қазіргі жай-үйі мен болашақтағы дамуын бірлесіп талқылау үшін диалогқа бірігіп, осындай маңызды іс-шараны өткізу тәжірибесін алғаш рет жүзеге асырған сәт. Мұндай диалогтық алаңдарды өткізу 2026 жылға да жоспарланған, бұл қатысушылардың елдегі міндетті сақтандыру институтын дамыту және нығайту жөніндегі жүйелі жұмысқа бейілділігін көрсетеді”, — деп атап өтті “BCC Life” АҚ Басқарма мүшесі, Ринат Канатович Шакенов.

Талқылау барысында қатысушылар жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың қазіргі тәжірибесіне, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелеріне, сондай-ақ 2024 жылы күшіне енген заңнаманың өзгерістеріне назар аударды. “PARYZ” ЖБҰК құрамындағы сақтандыру саласының алғашқы және жалғыз өкілі ретінде “BCC Life” АҚ салалық сарапшы ретінде жұмыс берушілердің өкілдерімен сақтандыру шарттарын жасау, сақтандыру оқиғаларын реттеу және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Іс-шара сақтандыру нарығы мен бизнес өкілдерін біріктіретін жұмыс тобының бірінші отырысымен аяқталды. Отырыс барысында қатысушылар заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі, өндірістік жарақаттануды төмендетуге қатысты жұмыс бағыттарын айқындады және мемлекеттік органдар деңгейінде жұмыс берушілердің мүдделерін қорғауға арналған тәсілдерді белгіледі.

“BCC Life ӨСК” АҚ “Банк ЦентрКредит” АҚ еншілес ұйымы болып табылады және өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асырады.

08.11.2024 жылғы № 2.2.19 сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензияны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берді.

жарнама құқығында

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 09 Желтоқсан, 2025 14:30