Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұманғарин 2026 жылдан бастап "жеңілдетілген салық режимінде" кімдерге жұмыс істеуге тыйым салынатынын айтты

салық бизнесФото: pixabay.com

2026 жылдан бастап "жеңілдетілген салық режимінде" (Салық кодексіндегі арнайы режим) жұмыс істеуге тыйым салынатын қызмет түрлері туралы ұлттық экономика министрі – премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Серік Жұманғариннің айтуынша, кейінгі уақытта бұл тақырып төңірегінде түрлі әңгіме тарағанымен, ұлттық экономика министрі әзірге нақты тізімді жариялаған жоқ. Қазір бұл жұмыс "Атамекен" компаниясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

"Бұған дейін "жеңілдетілген салық режимінде" болған кәсіпкерлердің басым бөлігі әрі қарай да сол режимде қала береді", – деп қоса кетті Жұманғарин.

"Жеңілдетілген режимде" қала беретіндер:

•    B2C секторына бағытталған өңдеу өнеркәсібінің бір бөлігі;

•    барлық бөлшек сауда (тек аумағы 2000 шаршы метрден асатын ірі форматтағы сауда нысандарынан басқа);

•    ауыл, орман шаруашылығы, аквакультура (режимді таңдау құқығымен);

•    креативті индустрия, мәдениет, спорт;

•    техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

•    көліктің бірқатар қызмет түрлері, қоймалау, пошта (ОКЭД бойынша жіктеледі);

•    жылжымайтын мүлік пен көлік жалға беру (бизнес деңгейіне қарай жіктеледі);

•    тұрмыстық қызмет көрсету;

•    жеке медициналық кабинеттер, әлеуметтік қызметтер;

•    құрылыс жұмыстарының кейбір түрлері (мысалы, сылақ жұмыстары);

•    қонақүй, кемпинг сияқты орналастыру қызметтері;

•    қоғамдық тамақтану (мейрамхана, кафе);

•    шаштараз, сұлулық салондары, шағын дүкендер;

•    мектепке дейінгі білім беру мекемелері.

•    "Жеңілдетілген режимге" тыйым салынатындар:

•    өңдеу өнеркәсібінің басым бөлігі (салықтық жеңілдіктерге байланысты);

•    мектептік және жоғары білім беру ұйымдары;

•    ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейтін құрылыс компаниялары.

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, рұқсат етілген қызмет түрлерінің аясында шамамен 1 миллион 330 мың бизнес субъектісі (318-ге жуық қызмет түрі) қала береді. Нақты тізім апта соңына дейін жарияланбақ.


Енді әр өңір жеке кәсіпкерлер қандай салық төлейтінін өзі шешеді – Қаржы министрлігі


Жаңа Салық кодексі: Қазақстанда такси қызметі 40 пайыз қымбаттайды


Еске салайық, бұған дейін сенат 23 маусымда жаңа Салық кодексін талқылап,қосымша құн салығын тіркеу шегін 20 мыңнан 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін төмендетуді ұсынды. Бұл шешім салықтан жалтарумен күрес және шағын бизнесті қорғау мақсатында қабылданды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 16:44
Талқылау