Белгілі комментатор Бокс федерациясына лауазымды қызметке тағайындалды
Фото:Boxingkazakhstan
Танымал спорт журналисі әрі комментатор Уалихан Хосанбай Қазақстан бокс федерациясында лауазымды қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы парақшаларында жариялап, ресми түрде растады.
Уалихан Хосанбай енді Қазақстан бокс федерациясы президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарады. Ол бұған дейін Олимпиада және әлем чемпионаттарында комментатор болып жұмыс істеген. Сонымен қатар Уалихан Хосанбай филология және журналистика мамандығы бойынша білім алған.
Талқылау

