AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз болғың келе ме? "Алматы" телеарнасы 1-20 тамыз аралығында кастинг өткізеді

"Алматы" телеарнасы "Менің бапкерім" телехикаясының екінші маусымын түсіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен жылы "Алматы" телеарнасында "Менің бапкерім" жастар сериалы көрсетілді. Фильмде жарақат алған "Қайрат" командасының экс-футболшысының өмірі суреттеледі. Кездескен қиындыққа қарамастан басты рөлді сомдайтын жігіт ауыр жарақатынан кейін араға 10 жыл салып, спорт мектебіне бапкер болып келеді. Оның өмірінде ұзақ уақыттық үзілістен кейін жаңа өмір басталады.

Ал оқиға бұдан әрі қалай дамиды? Әзірге құпия.

Анығы жоба продюсерлері фильмнің жалғасын түсіруді ұйғарды. Телехикаяға 17-20 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Кастинг 2022 жылдың 1-20 тамыз аралығында өтеді.

Аталмыш сериалдың екінші маусымының түсіріліміне қатысқысы келетіндер фотосуреттерін [email protected] электронды поштасына жіберулерін сұраймыз.

Айта кетейік, "Менің бапкерім" телехикаяның басты мақсаты – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын дәріптеу. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр