Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова жалқау және жалтақ балалардың қайдан шығатынын айтты

Жұлдыз Әбдукәрімова бала тәрбиесіне қатысты ой бөлісіп, көпшілікке ой салды. Ол ұрпақ тәрбиелеудегі басты қателікті атады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Актриса жалқау және жалтақ балалардың қайдан шығатынын айтты.

"Балаңды аясаң, аяма! Қазақтың әрбір сөзі, мақал-мәтелі тәрбие. Расында, 12 мүшесі сау баламызды “Ол істей алмайды, қолын кесіп алады”, “Оны жұмсама, күйіп қалады” деп өсіріп мүмкіндігін өзіміз шектейміз. Баламызды аяу арқылы өз қолымызбен ештеңе істей алмайтын, істейін десе де сенімсіз, жалтақ және істегісі келмейтін жалқау бала тәрбиелеп жатқанымызды білмей де қаламыз. Сондықтан, қазақ “Балаңды аясаң, аяма” дейді. Бірден істеп кетпесе де, оныншы, жүзінші рет істегенде үйреніп кетеді.



Ең жаманы, кішкентайынан “ештеңе істей алмайды” деп өбектеген баламызды өскен соң “ештеңе істей алмайсың” деп өзіміз кінәлаймыз. Сондықтан жұмсаудан, үйретуден, істетуден аямайық", - деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында. 

Талқылау