Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова әкесін ұстаздар мерекесімен құттықтады

Отандық актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова әкесін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

“Менің әкем мұғалім! Ес білгелі әкемнің үстінде костюм шалбар, қолында портфель. Бала күнімде әкемнің айналасы “ағай” деп шақырғанда, кеудемді мақтаныш кернеп тұратын. Әкем бүгінде зейнетке шықса да, ұстаздық етуді жалғастырып келеді. Сондықтан мен мұғалімнің еңбегін өте жақсы білемін.
Құрметті ұстаздар!
Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере сіздерге шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін деймін. Мерейлеріңіз үстем болсын”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Желі қолданушылары да Жұлдыздың әкесін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

“Құтты болсын Әкеңіздің омір жасы ұзақ болсын”, “Әкеңізге қатты ұқсайды екенсіз”, “Асқар тау әкешіңнің дені сау болып жүзге келсін”, “Еңбегінің жемісін көрсін”, “ Әкеңіздің өте кеңпейіл, мейрімді өзін тік ұстайтын, тұлғалы, адамгершілігі мол азамат екені көрініп тұр”, “Мереке құтты болсын, әкешің келбетті кісі екен”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

 

Талқылау