Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық балаларының көзінше әйелінің үстіне жанармай құйып өртеген

Қазақстандықтардың 70%-ы отбасында дауласып, соңы төбелеске ұласып жатады.

өртенді

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Алматылық Ақерке Байғазиеваға жаңа жыл алдында жолдасы жанармай құйып, балаларының көзінше өртеп жібермек болған.

«Мен қайта қарап қалмай қар ішіне секіріп кеттім. Далада ешкім естімес үшін күйеуім мені үйге алып кірді», – дейді Ақерке.

Акерке Байғазиева екінші және үшінші дәрежелі күйік алғанымен күйеуі бостандықта жүр. Жолдасы ол туралы өзгелерге жалған айтып сендіретін көрінеді.

«Мен 10 жыл бойы оның қорқытып-үркітуінен өмір сүргенімді енді біліп жүрмін. Ол мені ұрып-соғып қана қоймай қаржылай да, психикалық тұрғыдан да зиян келтірді. Тіпті мені өлтіре салу қиын емес, екенін ол үшін жауапқа да тартылмайтынын айтатын. Күйеулерінен зәбір көрсе де, ешкімге тіс жармай, көніп жүре беру шығыс халқының қыздарына тән қасиет», – дейді ол.

Ол күйеуі өзін өртемегенде балалары үшін әлі де қорлыққа шыдап жүре беруі мүмкін екенін айтады.

«Ұлағатты жанұя» қорының басшысы Марина Гурина осыған ұқсас жағдайды баяндап берді.

«Бізге күнделікті әйелдер хабарласып, күйеулерінің ұрып-соғатынын айтады. Күйеулері әйелдерін майда-шүйде себептер үшін де ұра береді екен. Бірде маған қант диабетімен ауыратын, бір аяғы жоқ әйел хабарласып, күйеуінің ұрып жатқанын айтып көмек сұрады. Мен полицияға хабарластым. Полицейлер оны 15 тәулікке қамауға алды. Ол босаған соң үйіне қайтып барып, әйелін тағы да аяусыз ұрған. Бұған шыдай алмаған әйелі өзіне қол жұмсаған. Мен бұл оқиғадан соң өзімді кешіре алмадым. Бұл дегеніңіз қазақстандық әйелдердің құқығы қорғалмайды деген сөз», – дейді ол.

Марина Гуринаның айтуынша, бұл келеңсіздікті мемлекеттік дағдарыс орталықтары қолға алуға болар еді. Олар психологиялық, заңды тұрғыда көмек беруіне болады. Қордың мәліметінше, тұрмыстық ұрыстан жыл сайын 500 қазақстандық көз жұмады екен.

Татьяна Куан

Жіберіп алмаңыз:

СҚО-да әйелін қызғанған күйеуі 6 айлық қызын аяусыз ұрып тастаған

Ресейде қазақстандық өгей қызын ұрып, спортқа баулымақшы болған

Ақтаулық жүргізуші жолдан тездетіп өте қоймаған бойжеткенді аяусыз ұрып тастады

ШҚО-да ер адам қолын қатты қысып амандасқан танысын сүйменмен ұрып өлтірді

Талқылау